From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұса әл-Һәди (араб.: موسى الهادي; 5 ақпан 764, Рей — 14 қыркүйек 786, Бағдат) — Ислам халифатының 23-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
Мұса әл-Һәди араб.: موسى الهادي | ||
786 жылы әл-Һәди атымен шығарылған дирһам | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
27 тамыз 785 — 14 қыркүйек 786 | ||
(Лақап аты Әл-Һәди) | ||
Ізашары | Мұхаммед әл-Мәһди | |
Ізбасары | Һарун әр-Рашид | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 5 ақпан 764 Рей, Ислам халифаты | |
Қайтыс болуы | 14 қыркүйек 786 (22 жас) Бағдат, Ислам халифаты | |
Династия | Аббас әулеті | |
Әкесі | Мұхаммед әл-Мәһди | |
Анасы | Хайзуран | |
өңдеу |
Әл-Һәди он алты жасында мұрагер ретінде тағайындалып, әкесі тарапынан Журжандағы көтерілістерді басу үшін Шығыс әскерінің қолбасшысы болған. Әкесі дүние салғанда Журжанда болатын.
Һәди әкесі секілді зындықтармен күресуді жалғастырды. Зындықтарға алдымен тәубе етуді ұсынып, тәубе етпеген жағдайда өлтіретін. 785 жылы Мединеде Құсайын ибн Әли ибн әл-Хасан көтеріліске шықты. Һәди қажылықтың әмірі Сүлеймен ибн Әбу Жағфар әл-Мансұрға хат жазып, Құсайынның көтерілісін басуды бұйырды. Ол Фаһ жерінде Құсайынның алдынан шығып оны және қасындағы адамдарды өлтіртті. Қақтығыстан көтерілісшілердің тек екеуі ғана аман қалады. Олардың бірі Солтүстік Африкада (Мағрибүл-Ақса) Идрисия мемлекетінің негізін салушы Ыдырыс ибн Әбдуллаһ ибн әл-Хасан ибн Әли, екіншісі Табаристанға барып Һарун әр-Рашид заманында көтеріліс жасаған бауыры Жақия ибн Әбдилләһ атты ағайындылар еді. Бұл көтерілістен кейін Әлидің жақтастарына деген байсалды саясат орнына қатаң және төзімсіз саясат жүргізіле бастады. Олардың жалақылары мен мемлекеттен алатын үлестері қиылып, қуғын-сүргінге душар болды.
Мұхаммед әл-Мәһдидің өсиеті бойынша һәдиден кейін Һарун әр-Рашид халифа болуы тиіс. Бірақ әл-Һәди оның орнына ұлы Жағфарды тақ мұрагері етіп қалдырғысы келді. Алайда әл-Һәдидің науқастанып, үш күннен соң дүние салуы ол ойын іске асыруына мұрсат бермеді. Әл-Һәдидің өз бауыры Һарун әр-Рашидті мұрагерліктен алуы немесе билігін шектеуінің себебінен анасы тарапынан уланғандығы да айтылады.
Әл-Һәди — өте жомарт, батыр және күшті кісі болған. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға да мән беретін. Десек те, Аббаси халифаларының арасында өлең тыңдап, нәбиз ішкен ең алғашқы халифа болатын[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.